Алматыда контрафакт ойыншықтардың айналымы тоқтатылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 13:07 Фото: Zakon.kz
"Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы және әділет департаментінің қызметкерлері қаладағы сауда орындары мен қоймаларға рейд жүргізді.

Тексеруге бір компанияның өз тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылғаны туралы ресми өтініші негіз болды.

Нәтижесінде қаладағы бірнеше базар мен қоймадан түпнұсқаға ұқсас жалған конструкторлардың партиялары анықталды.

Барлығы 2 миллион теңгеден астам соммаға 1 мыңнан аса жалған өнім тәркіленді.

"Контрафакт тек брендтердің құқықтарын бұзып қана қоймайды, ең алдымен тұтынушыларға, әсіресе балаларға арналған тауарлар туралы болғанда, тікелей қауіп төндіреді. Мұндай өнімдер улы, сапасыз немесе жарақат келтіруі мүмкін. Біз осындай құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтудеміз", – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев

Тәркіленген тауарлар сапасыз, таңбаланбай, өндіруші туралы ақпаратсыз болған. Бірлескен іс-шаралардың қорытындысы бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: