Қарағандыды полицейлер жалған нөмірмен жүрген борышкерді анықтады
Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының полиция қызметкерлері Балқаш қаласының маңында орналасқан автожолдардың бірінде ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында көліктің иесінде жалпы сомасы 850 мың теңгеден асатын әкімшілік айыппұл қарызы бар екені анықталды.
Құжаттарды нақтылау кезінде тәртіп сақшылары бұл көлікке тіркелген мемлекеттік нөмірдің қазіргі уақытта Қарағанды қаласында жарамсыз күйде тұрған басқа автокөлікке тиесілі екенін анықтады.
Аталған көліктің заңды иесі нөмірлік белгілердің ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түсірген.
Анықталған деректерге сәйкес, 22 жастағы жүргізушіге қатысты екі бірдей әкімшілік іс қозғалып, іс материалдары сотқа жолданды.
Сонымен қатар көлік арнайы айыптұраққа қойылды. Нөмірлік белгілерді ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript