Қытайлық мотоциклші Маңғыстаудағы тас жолда тұралап қалды
Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысында патрульдік полицейлер шетел азаматына көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 10 тамызда республикалық Шетпе — Сайөтес — Бейнеу тас жолында Маңғыстау облысының патрульдік полиция қызметкерлері Сайөтес ауылына қарама-қарсы жол жиегінде жүрген және Ақтау қаласына қарай қозғалысын жалғастыра алмаған Қытай Халық Республикасының азаматы – мотоциклшіге көмек қолын созды.
"Полиция тоқтау себебін анықтау үшін шетелдіктен себебін сұрайды. Әңгімелесу барысында туристің мотоциклінің дөңгелегі жарылып кеткені және оның баратын жеріне өз бетінше жете алмағаны анықталды",- делінген ақпаратта.
Осылайша, патрульдік полиция қызметкерлері ГАЗель жүк көлігін тоқтатып, жүргізушімен шетелдік туристі мотоциклмен бірге Ақтау қаласына жеткізу туралы келісім жасаған.
"Бұл жағдай полицияның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сондай-ақ азаматтығына қарамастан қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету екенін тағы да растайды",- деп қорытындылады ІІМ.
Бұған дейін Қаламқас кен орнында жол апаты болып, екі адамның зардап шеккенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript