Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінің үздігі атанды

Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінің үздігі атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2025 12:10 Сурет: SemeiTV
10 тамызда Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов "түйе палуан" атағын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

SemeiTV телеарнасының ақпаратынша, Абай облысының Абай ауданында өткен қазақ күресі бойынша жарысқа еліміздің әр өңірінен балуандар жиналды. Додада тараздық "Қазақстан барысы" Ғалымжан Қырықбай, қызылордалық Мақсат Исағабыл, семейлік Дәурен Нұралинов және басқа да халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары бақ сынасты.

Бас жүлде ретінде автомобиль бекітілді. "Түйе палуан" атағы Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғаповқа берілді. Ал, 74 келі салмақ дәрежесінде Жігер Есенұлы жеңімпаз атанды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға өз құттықтауын жолдағаны хабарланған. Елордада бір мезетте 5 мыңға жуық оқушы Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындады. Алматыда қазақтың бас ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өтті. Абай алаңындағы іс-шара мерекелік бағдарламаның басты оқиғасына айналып, оған 5000-нан астам қатысушы жиналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: