Павлодарда бесінші қабаттан лақтырылған ер бала ауруханадан шығарылды: бала мен ананың қазіргі хәлі қандай

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 14:16 Фото: Zakon.kz
30 шілдеде Павлодарлық әйел бесінші қабаттан екі ұлын лақтырып, артынша өзі секіріп кетті. Алған жарақаттарынан беті бері қарамаған 1 жарым жастағы бүлдіршін 1 тамыз күні көз жұмды. Павлодар облыстық ауруханасының дәрігерлері аман қалған екінші баланың жағдайы жайлы мәліметтермен бөлісті.

Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2017 жылы туған бала 13 тамызда ауруханадан шығарылған.

Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

"Бір ай бойы төсек режимін қатаң сақтауы қажет. Кейін тіркелген жері бойынша реабилитациялық орталықта бір жыл бойы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі тиіс", – деді дәрігерлер.

Ал бүлдіршіндердің анасына келетін болсақ, қазіргі уақытта науқас реанимация бөлімінде жатыр. Дегенмен есін жиған.

"Жағдайы ауыр. Аяқтың өкше сүйектері мен оң иық сүйегінің сынығы бойынша операция жасалды", – деді Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін біз хабарлағанымыздай, 30 шілдеде әйел бесінші қабаттан екі ұлын лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен. Үшеуі де кіреберіс қалқасына түскен.

Қала полициясы кісі өлтіруге және өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: