"Қазавиақұтқару" тікұшағы Степногорск пен Есілден Көкшетауға екі құтқару рейсін орындады

Тікұшақ, санавиация, Степногорск, Есіл, Көкшетау, екі рейс, екі бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 18:59 Сурет: ҚР ТЖМ
20 тамызда ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы Степногорск және Есіл қалаларынан Көкшетау қаласына санитарлық авиация желісі бойынша екі құтқару рейсін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік атап өткендей, екі кішкентай балаға (бреуі бір жаста, екіншісі үште) мамандандырылған медициналық көмек қажет болған.

"2022 және 2024 жылы туылған балақайлар ұшқыштар мен медициналық топтың үйлесімді жұмысының арқасында жедел түрде емдеу мекемесіне жеткізілді. ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтары еліміздің кез келген түкпірінен адамдарды құтқаруға және эвакуациялауға әрдайым дайын", делінген хабарламада.

Бұған дейін 19 жастағы бойжеткен Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен шұғыл жеткізілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: