Алматыдағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді: қандай құқықбұзушылықтар анықталды

Алматыдағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді: қандай құқықбұзушылықтар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 14:08 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен екі ай ішінде өкілетті органдармен бірлесіп қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде кешенді рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның барысында 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, тіркелген қарудың болуы, түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыққа тарту фактілері туралы сауалнамалық мәліметтері, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру туралы ақпаратты қамтитын әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылды.

Тексеру 1000-ға жуық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде:

  • көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;
  • қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;
  • заңсыз жалға алудың 114 фактісі;
  • жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;
  • жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567 фактісі;
  • алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.

Бұған дейін Екібастұзда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: