Шатқалдан түсе алмай қалған екі студент құтқарылды

Вертолет МЧС РК, вертолеты МЧС РК, специальная техника МЧС РК, спецтехника МЧС РК, авиация МЧС РК, авиапарк МЧС РК, спасатель, спасатели, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 10:21 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысындағы Бектау ата шатқалынан екі студент құтқарылды. Ой-шұқыры көп жартасты тауға мамандар түнімен жол жүріп, таңға жуық әрең жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, құтқарушыларды діңкелетіп, теңіз дейгейінен 600 метр биікке көтерілген жас жігіттерге жету оңай болмаған. Бектау-Ата шатқалының жолы қиын Оған шығу үшін тік беткейлерді бағындыру керек. 18 және 19 жастағы колледж студенттері шың басына жеткенімен, төмен түсе алмапты.

"Оларды іздеп шыққан құтқарушылар екеуін таң ата тапты. Қос жігіттің қауіпті биіктен түсерде тірсектері қалтырап, еңіске қарай жүруге жүрегі дауамаламаған сияқты. Екеуі де дін аман, тек күздің салқын таңында бүрсең қағып тоңып қалған",- деп жазды басылым.

Бұған дейін Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында аяғын қайырып алған туристке көмекке келгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: