Алматыдағы толған арықта жастар кезекшілік жасап, жаяу жүргіншілерді қорғады

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 16:45 Фото: pixabay
16 қыркүйекте Алматыда жауын-шашын болып, бұл автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қиындық туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Манас – Жандосов көшелерінің қиылысындағы арықтың толып кеткені соншалық, ол жаяу жүргіншілерге қауіпті болды. Instagram-да бұл жағдайды алматылық Динара есімді тұрғын жариялады.

Видеода көрсетілгендей, шамамен 10 шақты адам суға түсіп кеткен. Егер жастар сол жерде қалып, өтіп бара жатқан адамдарға ескертпеген болса, зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болар еді. Арықтың бетіне тақтайлар қойылып, самокаттар салынғаннан кейін ғана Динара сол жерден кеткен. Бойжеткеннің сөзінше, арық өте терең болған.

Өкінішке орай, 16 жасар мектеп оқушысы арыққа түсіп, телефонын жоғалтты. Ол бірнеше рет суға кіріп іздесе де, таба алмады.

Динараның айтуынша, қалалық қызметтердің келуін 1,5 сағаттан астам күткен. Сол уақытта жастар адамдардың құлауына жол бермей, ескертіп тұрған.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Манас – Жандосовтағы арық учаскесін проблемалық деп атады.

"Негізгі себеп – асфальт жабындысының су ағуын қиындатуы. Салдарын жою үшін "Алматы тазалық" МКК бригадалары шықты. Арық тазартылып, су сорылды, қоршаулар орнатылды. Арық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін асфальт жабындысын ашу жоспарлануда", – деп хабарлады ведомстводан.

16 қыркүйекте Алматыда жауын-шашын мөлшерінің жарты айлық көлемі түскен. Нәтижесінде кей жерлерде жолдар бүлініп, көліктер зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: