Алматыда полиция 8 мыңнан астам қару иесін тексерді
Сурет: ҚР ІІМ
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Алматы қаласында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның аясында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтық және қызметтік қарулардың сақталу жағдайын тексеруде.
Іс-шара басталғалы бері 8603 қару иесі тексерілді. Тексеру барысында қаруды сақтау, сондай-ақ оны тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдерін бұзу бойынша 185-тен астам құқық бұзушылық анықталды.
Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
"Біз барлық қару иелерін азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға, рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдерін бақылауға және қаруды тұрғылықты жерде сақтау ережелерін бұлжытпай орындауға шақырамыз. Бұл — әр азаматтың және жалпы қоғамның қауіпсіздігінің негізі", — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Кұлбаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript