Оралда 10 жастағы қызға шабуыл жасаған күдіктіні іздеп жатыр
Фото: pexels
Орал қаласының полицейлері кешелі бері тай-тұяғымен 10 жастағы қызға шабуыл жасаған күдіктіні іздеп жатыр. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, ол мектептен қайтып келе жатқан қаршадай қызды қылқындырып, жыныстық зорлық әрекет жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK оқиға кешкі сағат бес шамасында мектеп маңындағы тоғайда болғанын жазады. Бала сабақтан шығып, қалың ағаштың арасымен үйіне келе жатыпты. Күдікті осы кезде шабуылдаған. Таңнан бері оқиға орнында полиция жүр. Тоғай ішін тінтіп, айғақ іздеп, қылмыскерге апарар ізді таппақ. Бірақ тәртіп сақшылары әзірге шабуылдың жай-жапсарын ашып айтпай отыр. Өйткені жәбір көрген — бала.
Қала тұрғындары арасында "шабуылдаған төртеу" деген дерек бар. Дегенмен ресми орган бір ғана күдіктінің іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. Жәбірленушіге дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, үйіне жіберген. Құзырлы органдар істің мән-жайын анықтауды жалғастыруда.
"Осы қылмысқа қатысы бар адамды құрықтау үшін кешенді іздестіру шарасы жүргізілуде. Балаларға қарсы жасалған қылмыс бұл қоғамдағы ең ауыр әрі сорақы әрекет екенін атап өтеміз. Бұл теріс әрекет жасаған адам міндетті түрде ұсталады". Ұланбек Әбілхайыр БҚО ПД бастығының орынбасары
Бұған дейін Алматы облысында 58 келіден астам марихуана тәркіленгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript