Алматыда жүк көлігінің салмағына шыдай алмаған жол бөлігі қақ айрылды

Алматыда жүк көлігінің салмағына шыдай алмаған жол жабыны қақ айрылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 13:06 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласындағы Курдай көшесінде ауыр жүк көлігінің салмағына төтеп бере алмаған жол опырылып, көліктің бір бөлігі жерге кіріп кетті. Оқиға сәтін куәгерлер бейнетаспаға түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл көшеде су құбыры желісін жаңарту жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Курдай көшесінде траншеяны көму кезінде арнайы техника топыраққа түсіп кеткен. Оқиға орнына әкімдік қызметкерлері мен мамандар дереу жетті", – деп хабарлады әкімдік.

Қазіргі уақытта траншеяны қайта көму жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үшін құм мен қиыршық тастан тұратын қоспа және балласт қолданылуда.

"Барлық жұмыс қатаң бақылауда", – деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар қалада жиі кездеседі. Мәселен, 17 қыркүйекте Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде (Абай даңғылынан төмен) жаңадан төселген асфальт опырылып, салдарынан екі жолаушылар автобусы жолда тұрып қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: