Бес адамның өмірін қиған жол апатына түрткі жүк көлігінің жүргізушісі бес жылға сотталды

Жүк көлігі, Жетісу облысы, жол апаты, қайғылы оқиға, жүргізуші, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2025 14:55 Сурет: pixabay
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы ЖКО-ға кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кінәлі деп танылған ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл көліктердегі бес адамның өмірін қиған жол апатына түрткі болған, деп хабарлады облыс прокуратурасы 2025 жылдың 11 қазанында.

"Іс материалдарына сәйкес, "Volvo FH-Truck" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы – Өскемен" тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан. Қайғылы оқиға жеңіл көліктегі бес адамның өмірін қиды", делінген прокуратура хабарламасында. 

Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

"Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, өйткені бұл жол қозғалысына қатысушылардың да, олардың жақындарының да өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі". Жетісу облысының прокуратурасы

Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: