Ақмола облысында жүк көлігінің жүргізушісі полицейлерге ақша беруге әрекеттенді
Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында жүк көлігінің жүргізушісі блок бекеттен кедергісіз өткісі келіп, полицейге ақша ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайт 25 қарашада таңертең Целиноград ауданында Екатеринбург – Алматы республикалық тас жолы учаскесіндегі уақытша блок бекетте болды.
"SHACMAN жүк көлігінің жүргізушісі Зеренді ауданының полиция бөлімінің инспекторына 20 мың теңге ұсынғаны анықталды. Пара беру туралы қызметкер дереу блок бекетке жауапты – Целиноград аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне хабарлады". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Мән-жайларды анықтаған кезде заң бұзушы өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастырып, үстелге ақшалай ақша қойған.
"Полицейлер ақмолалыққа мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын бірнеше рет ескерткенімен, алайда күдікті өз дегеніне көндіргісі келген. Полиция қызметкерлері оқиға туралы басшылыққа дереу хабарлап, жедел-тергеу тобын шақырды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ақша купюралары тәркіленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript