Астанада Өндіріс тас жолының бір бөлігі жабылады: жүк көлігінің салмағын өлшейтін жүйе орнатылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Өндіріс тас жолы бойынша Солтүстік айналма жолдан көлік айрығына дейін жүк автокөліктерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жол қозғалысын толық жабу арқылы жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресмм сайты.
Осыған байланысты 23 маусым күні сағат 06:00-ден 23:50-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
2023 жылдың қыркүйегінде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін Астананың кіреберістеріне автоматты жүк таразылары орнатылатыны хабарланған болатын.