Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі бес күнге жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Қорғалжын, Тұран, Айтматов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 09:21 Сурет: Zakon.kz
Елордада Қорғалжын тас жолының Тұран даңғылынан Шыңғыс Айтматов көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған учаскеде 25-30 мамыр аралығында жол ішінара жабылады.

"Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", делінген хабарламада.

Сызба, жол жабылады, Астана, Қорғалжын тас жолы, 25-30 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 09:21

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Сенат депутаты Әлібек Нәутиев 2025 жылғы 23 мамырдағы үкімет сағатында жол құрылысында сапасыз материал пайдаланғаны және технологияларды бұзғаны үшін жазалауды ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: