Астанада такси жүргізушісі қораптағы телефонды сатып жіберген

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 14:16 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Елорда тұрғыны өз ұлына сыйлық ретінде Айфон 16 Про ұялы телефонын сатып алып, оны жеткізіп беру үшін такси жүргізушісіне сеніп тапсырған.

Алайда күдікті 32 жастағы таксист телефон қорабын ашып, құрылғыны өз пайдасына жаратып, басқа адамға сатып жіберген.

Осы дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға қымбат бағалы заттарды сеніп тапсыра бермеуді ескертеді.

Құнды тауарларды тек ресми жеткізу қызметтері арқылы немесе жеке бақылаумен беру ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: