Қазақстандық хоккей клубының басшысы ұсталды
Фото: Zakon.kz
Петропавл қаласының полицейлері "Құлагер" хоккей клубының басшысы Сергей Фильді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 45 жастағы спорт функционері Қарағанды қаласында ұсталған.
"Астананың 45 жастағы тұрғыны бірнеше адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген полиция департаментінің 6 қазан 2025 жылғы хабарламасында.
Бұған дейін Сергей Фильмен байланыс 24 қыркүйектен бастап үзілгені хабарланған еді. Оны полицейлер іздестіруге кіріскен, өйткені Ресейден келген бірнеше спортшы (легионер) оның үстінен алаяқтық фактісі бойынша арыз жазған: олардың айтуынша, Филь қазақстандық азаматтық алуға көмектесемін деп ақша алған.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Олимпиада резервінің мектеп-интернаты колледжі төңірегінде де дау шыққан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript