Ақмола облысында тәртіп сақшылары бұрын жасалған 5 ұрлықтың бетін ашты

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 12:17 Фото: Zakon.kz
Бұланды ауданында жедел уәкілдер 24-25 қыркүйекке қараған түні жергілікті тұрғынның үйіне пластикалық терезені қысу арқылы кірген ұрыларды анықтады. Күдікті үйден теледидар, микротолқынды пеш, акустикалық динамик және тағы басқа да заттарды ұрлаған.

Шығын 249 мың теңгені құрады. Целиноград ауданында да осындай схема бойынша белгісіз адамдар әрекет еткен.

29 қыркүйекте терезені қысып, үйден 850 мың теңгеге бағаланатын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

21 қыркүйекте жеке үйдің ауласынан ұрланған Dushimz велосипед ұрлығы да тіркелді.

Ал Астрахан және Атбасар аудандарында полицейлер қыркүйек айының басында жасалған Yamma және Yaki мотоциклдерінің ұрлығына қатысы бар күдіктілерді құрықтады.

Залалдың жалпы сомасы 800 мың теңгеден асты. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Полиция азаматтарға тұрғын үйлер мен гараждарды бекіту, мүлікті қараусыз қалдырмау және дабыл орнату қажеттігін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: