ШҚО-да "арзан үй мен көлік алып беремін" деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 13:41 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде ақша иемденген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен тұрғыны полицияға арызданып, танысының "бірлескен бизнес ашамыз" деген желеумен бір миллион теңгеден астам қаражатын алып, уәдесінде тұрмағанын мәлімдеген.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ер адамның алдын ала ойластырылған алаяқтық схемамен әрекет етіп, бірнеше адамды алдағанын анықтады. Ол таныстарына жоғары табыс әкелетін жобаға ақша салуды ұсынған, кейбіріне арзан көлік әперемін, ал басқаларына қарызды пайызымен қайтарамын немесе пәтер алып беремін деп сендірген.

Осылайша күдікті бірнеше жәбірленушіден 41 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар полицейлер күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бейтаныс адамдардың "оңай табыс" туралы уәделеріне сенбеуге және сақ болуға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: