Парламенттік реформа: Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді - президент мәлімдемесі

 Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы, Ақорда, жұмыс тобы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 12:26 Сурет: akorda.kz
Президент 2025 жылғы 14 қазанда парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі. Онда ол негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгеретіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет басшысы ретінде ол үшін парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі.

"Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді". Президент

Президенттің сөзінше, парламенттік реформа кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырудың қисынына сай келеді.

"Біріншіден, біз барлық реформаны тек эволюциялық жолмен жүргіземіз. Яғни азаматтардың сұранысы, төл ерекшелігіміз бен еліміздің түпкі мүддесі ескеріледі. Парламенттік реформа кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырудың қисынына сай келеді. Естеріңізде болса, саяси реформалардың төрт пакеті аясында парламенттік оппозиция туралы норма бекітілген еді. Онда өкілдері аз партияға Мәжілістің тұрақты комитеттерінің бірінде төрағалық лауазым атқару және парламенттік тыңдау өткізу туралы бастама көтеру құқығына кепілдік берілді". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ, мемлекет басшысы бұдан бөлек, партиялар парламентке өтуі үшін сайлаудың төменгі шегі азайтылатындығын атап өтті.

"Содан соң 2022 жылы жүргізілген конституциялық реформаның арқасында біз Мәжілістің құзіретін елеулі түрде кеңейттік. Нақты айтқанда, бүгінде Мәжіліс заң қабылдайды, ал Сенат мақұлдайды. Бұл алғашқы қадамдар еді. Енді соңғы жылдары қоғамдағы саяси мәдениеттің едәуір өскенін ескере отырып, біз бірте-бірте және байыпты жолмен бір палаталы парламентке өтуді бастаймыз",- деді ол.

Бұған дейін президенттің парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе екенін айтқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: