ІІМ: Контенттің заңсыз екені туралы шешімді тек сот қабылдайды

Здания Мажилиса и Сената Парламента РК, Мажилис, Сенат, Парламент, госслужба, госслужащие, государственная служба, государственные служащие, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 14:59 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылғы 15 қазанда Мәжілісте өткен отырыста заңсыз контентті тарату үшін жауапкершілік енгізу нормасына қатысты құқық қорғау органдары тарапынан билікті асыра пайдалану қаупі жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, әрбір жағдай жеке қаралып, мамандардың сараптамалық бағалауынан өтеді.

Мәжілісте "Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы" заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізуді көздейтін екі ілеспе заң талқыланды. Осы талқылау барысында депутат Сергей Пономарев "заңсыз контент" ұғымының ауқымды түсіндірілуі және бұл норманы асыра пайдалану қаупі бар-жоғын" сұрады.

Оған жауап берген Ержан Сәденов мұндай қауіптің жоқ екенін айтты.

""Заңсыз контент" ұғымы онлайн-платформалар туралы заңда нақты айқындалған. Онда конституциялық құрылысты бұзуға шақыру, экстремизм мен терроризмді насихаттау, зорлық-зомбылық пен есірткіні дәріптеу сияқты әрекеттер көрсетілген. Ең маңыздысы – сараптамалық қорытындының болуы. Егер ІІМ немесе Мәдениет министрлігі қандай да бір материалды заңсыз деп тапса да, біз оны бірден шешпейміз. Материал сарапшыға жіберіледі. Сарапшының қорытындысынан кейін де соңғы шешімді тек сот қабылдайды. Сондықтан құқық қорғау органдары тарапынан асыра пайдалану қаупі жоқ", – деді министр.

Айта кетейік, биыл 29 тамызда Ержан Сәденов Қазақстанда қылмыс деңгейі 13%-ға төмендегенін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: