Қазақстандық азамат қомақты қаражатты заңдастыру үшін 17 жалған компания ашқан

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 15:34 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Орал қаласының тұрғыны 2 миллиард теңгеден астам ақшаны заңдастыру үшін 17 жалған (фиктивті) компания ашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл алаяқтық схеманы үш жыл бойы табысты жүргізіп келген қылмыстық топты Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері анықтады. Astana TV арнасының мәліметінше, аталған қылмыстық топты бұған дейін дәл осындай қылмыс үшін сотталған Орал тұрғыны ұйымдастырған. Бостандыққа шыққан соң, ол қайтадан сол іспен айналысуды жалғастырған.

Тергеу барысында топ мүшелері 17 жалған кәсіпорынды тіркегені белгілі болды. Олар арқылы жалған шот-фактуралар рәсімделіп отырған. Жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам қаржы осы компаниялар арқылы айналымға жіберілген.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Сағадат Ғадылжановтың айтуынша, бұл жалған компаниялар:

  • құрылыс саласы;
  • арнайы техника жалға беру;
  • тауарлар мен материалдық құндылықтар жеткізу;
  • жалған қызмет көрсетумен айналысқан.

Алайда бұл компаниялардың ешқайсысында нақты жұмысшылар да, арнайы техника да болмаған. Жалпы осы кезеңде бар болғаны 2 миллион 300 мың теңге салық төленген. Ал ұйымдастырушы бұл қызметі үшін заңсыз 7% көлемінде комиссиялық сыйақы алып отырған.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмысты ұйымдастырған азамат үйқамаққа алынды.

Бұған дейін елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: