Арқалықта 86 адамның улануына тойханада тазалық сақталмауы себеп

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, сдача крови, переливание крови, анализ, анализы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 14:29 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Арқалықтағы 86 адам астан уланған тойханада санитарлық-гигиеналық талаптар бұзылған. Мамандар тарапынан жүргізілген алғашқы тексеріс осыны анықтады.

Зертханалық талдау қортындысына сәйкес тойханадағы қырық заттан алынған сынаманың 7-нен ішек таяқшасы табылған.

Сонымен қатар 11 қызметкердің 2-нің ағзасынан салманелла анықталыпты. Қазір тойхана жұмысы тоқтап тұр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал уланған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір олардың біреуі ғана ауруханада жатыр. Қалғаны үйлеріне шығарылған.

Бұған қарап, инфекцияның таралуына тойхана қызметкерлері себепші деп болжам жасауға болады. Ал әрі қарай ол қонақтарға осы жерде дайындалған тағамдар арқылы жұққан. Мұның бәрі аталмыш орында санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың өрескел бұзылғанын көрсетеді. Гүлім Досымова, облыстық санэпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: