Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 12:27 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 10 қарашасында Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпарттан белгілі болды. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы екі ел үкіметтерінің белсенді әрі үйлесімді жұмысының арқасында Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды.

Президент Ресей Федерациясы Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанына назар аударды. Былтыр жалпы инвестиция көлемі 4 миллиард долларға жетті.

Мемлекет басшысы елімізде көптеген ресейлік компания жемісті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.

Денис Мантуров қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.

Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары тараптар бірлескен жобаларды дамытуға берік негіз қалағанын айтып, олардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: