Ақмола облысында полицейлер браконьерлерден төрт елік ұшасын тәркіледі

Степногорск полиция басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесіп, жабайы жануарлардың өлекселері бар автокөлікті ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 12:18 Сурет: ҚР ІІМ
Степногорск полиция басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесіп, жабайы жануарлардың өлекселері бар автокөлікті ұстады.

Степногорск – Заводская автожолын патрульдеу кезінде табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары Mitsubishi автокөлігін тоқтатты.

Көлік салонында жүргізушіден басқа тағы үш жолаушы болған. Көлік құралын тексеру кезінде полицейлер 4 елік ұшасын, сондай-ақ мылтық пен оқ-дәрілерді тапты.

Іс жүргізу үшін ұсталғандар полиция басқармасына жеткізілді. Тәркіленген қару мен жануарлардың өлекселері тиісті сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: