ШҚО-да жаңа туған сәбиді орталыққа шұғыл жеткізу үшін тікұшақ қажет болды

Жаңа туған сәби, нәресте, тікұшақ, Риддер, Өскемен, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 16:28 Сурет: pexels
"Қазавиақұтқару" ұшқыштары медициналық көмекке зәру жаңа туған нәрестені Риддерден Өскеменге шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ-ның хабарлауынша, құтқару операциясына ұшқыштар Сергей Пинигин және Азамат Кабден және санитарлық авиация дәрігерлері Ботагөз Акашева және Лариса Величко қатысты. 

"Құтқару операциясы сәтті өтті. Медициналық және авиациялық қызметтің жеделдігі мен жоғары кәсібилігінің арқасында кішкентай науқас қажетті ем алып, бақылауға алынуы үшін облыстық медициналық мекемеге уақтылы жеткізілді", делінген 2025 жылғы 16 қарашадағы ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін Атырау облысында жанар-жағармай құю бекетінде автобус өртенгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: