Жетісайдағы трагедия: зардап шеккендерге көмек көрсетілуде

Пожарный, пожарные, пожарная служба, пожарно-спасательный автомобиль, пожарная машина, пожарный автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 09:33 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде шыққан өрттен 9 бала мен 3 ересек адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен облыс әкімі басқаратын жұмыс тобы құрылды.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

"Түркістан облысының әкімі атынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Аймақтық қызметтер барлық қажетті қолдауды көрсетеді", – деп жазыоған Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратта,

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Сонымен қатар ведомствода ақпарат оқиға барысына сәйкес жаңартылып отыратыны атап өтілді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр трагедияға дереу реакция білдірді. Мемлекет басшысы үкімет пен облыс әкіміне қаза тапқандардың жақын туыстарына барлық қажетті көмекті көрсету және орын алған оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізуді тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: