ШҚО тұрғыны үйінен ес-түссіз күйде табылды

Жедел жәрдем, ШҚО, Глубокое ауданы, әйел, ес-түссіз күйде  , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 21:47 Сурет: polisia.kz
18 қарашада Глубокое ауданының полиция бөлімшесіне Кожоховое ауылының 75 жастағы тұрғыны көмек сұрап, жүгінген. Ол көршісінің ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағанын, есігін де ашпайтынын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына учаскелік полицейлер Шерхан Кенесбек пен Азамат Түгелов дереу жеткен. Қауіпті жағдайды ескере отырып, Азамат Кенесбек үйге терезеден кіруді жөн деп шешкен.

"Ішке кіргенде ол 56 жастағы әйелді ес-түссіз жатқан күйінде тауып алды. Полицей оған алғашқы көмек көрсеткен соң, тұрғын есін жиған. Әйел өздігінен қозғала алмағандықтан, тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырды", - дейді полициядан.

Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін Павлодарда мас ер адамның табиғат аясындағы демалысы қайғылы оқиғаға ұласа жаздағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: