ҰҚК құрылыс материалдарының арасынан жасырынған шетелдіктерді ұстады

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 10:37 Фото: pexels
2025 жылғы 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақтөбе облысындағы "Жайсан" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында шекарашылар құрылыс материалдарының арасынан 10 шетел азаматын анықтады.

Комитеттің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК-де атап өткендей:

"Мұндай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады".

Сәл ертерек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мұнай өнімдерін ұрлау фактілері туралы хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: