Тоқаев БАӘ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев БАӘ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 18:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

Президент жеделхатта Араб Әмірліктерінің орнықты дамуды қамтамасыз ету мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы беделі жаһандық деңгейде мойындалғанын атап өтті.

Сонымен қатар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: