Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 16:31 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылдың 3 желтоқсанында Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті.
Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар әскердегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды.
Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: