Тоқаев жақын күндері Түрікменстанға барады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 16:01 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстанға барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан ақпараттан белгілі болғандай президент онда Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін барады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін жазғанымыздай, Тоқаев мемлекеттік органдар мен квазисектор субъектілерінде жаңа цифрлық жобаларға мораторий енгізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: