Ұлтараққа жасырылған есірткі: тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған күдікті анықталды

Алматыдағы тергеу изоляторында есірткіні ұлтараққа жасырып өткізуге тырысқан күдікті анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 11:58 Сурет: ҚР ІІМ
Алматыдағы тергеу изоляторында есірткіні ұлтараққа жасырып өткізуге тырысқан күдікті анықталды.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемеде сәлемдемелерді қабылдау және тексеру бөлімінде тыйым салынған затты жасырын алып өту әрекеті әшкереленді.

Тексеру кезінде әйелдің әкелген етігінің ұлтарағынан тігіліп жасырылған, есірткіге ұқсас екі орам ұнтақ табылып, тәркіленді. Белгілі болғандай, аталған әйел бұл затты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлімінің 1 және 2-тармақтары бойынша, яғни алдын ала сөз байласқан адамдар тобының ірі көлемде мал ұрлығы үшін ұсталған танысына өткізбек болған.

Өзбекстанда дүниеге келген және тергеуде отырған ол Алматы облысының Жамбыл аудандық сотының санкциясымен Түркістан қаласында қолға түскен.

Оқиға сәті мекеменің бейнетіркеу жүйесіне жазылып, дереу Түрксіб аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: