БҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 16:22 Фото: pexels
Батыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласынан мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, ол 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден астам қаржысын иемденді деген күдікке ілінген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган — Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарланды.

Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: