Air Astana ұшағы MAY-DAY дабылын берді: оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты, Авиакомпания FlyArystan, Флай Арыстан, самолет, самолеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2025 10:09 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 17 желтоқсанда Air Astana авиакомпаниясы әуе кемесінің ұшу кезінде кері қайтарылуы жөнінде ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей:

17 желтоқсанда Алматы-Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы борттағы кондициялау жүйесінің сипатсыз иісінің пайда болуына байланысты экипаждың шешімі бойынша ұшу әуежайына оралды.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайтып оралу туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07: 40-та штаттық режимде орындалды.

Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды. Жолауашылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10: 15 – те аттандыралады.

Осы оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: