Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, шағын құрам, отырыс , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2025 20:19 Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуге Қазақстан президентімен бірге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының келесі жылы атқаратын негізгі міндеттері мен бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО-ның қазіргі қызметіне байланысты бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келген болатын. Ол арада Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келіп жеткені хабарланған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: