Аяз бен қар: қазақстандықтарға қолайсыз ауа райы жайлы ескертілді

Парк имени 28 гвардейцев-панфиловцев, Вознесенский Кафедральный Собор, Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 12:20 Фото: pexels
Синоптиктер алдағы үш күнге – 2025 жылғы 23, 24 және 25 желтоқсанға – Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы күндерге еліміз бойынша қалың қар мен боран, оған қоса көктайғақ күтілуде.

"Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады. Ол өзімен бірге қар, бұрқасын, желдің күшеюін, ал батыс өңірлерде көктайғақ құбылыстарын алып келеді. Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20–25 градус аязға, ал солтүстігінде 23–28 градус аязға дейін төмендейді",- делінген "Қазгидромет" ақпаратында.

Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.

"Күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылуға дейін көтеріледі".

Бұған дейін Алматыда жер сілкінгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: