Каспий теңізінде күшті жер сілкінісі болды

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 10:56 Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2025 жылғы 23 желтоқсан күні таңертең Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының оперативтік мәліметіне сәйкес, Астана уақытымен сағат 9:32-де Каспий теңізінде жер сілкінісі орын алған.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік – 41,27°, шығыс бойлық – 53,04°. Магнитудасы mb = 5,3, энергетикалық класы K = 13,1. Жер сілкінісінің халыққа сезілуі туралы ақпарат жоқ.

VolcanoDiscovery.com сайтындағы мәліметке сәйкес, эпицентрге ең жақын жерлер: Түрікменстан – 89 км, Әзербайжан – 120 км, Қазақстан – 132 км.

Айта кетейік, 22 желтоқсан түнде Алматыда жер сілкінісі 2 балл күшімен сезілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: