Медицина саласындағы 2 млрд теңгелік алаяқтық: бұрынғы және қазіргі шенеуніктер ұсталды
Фото: pexels
Қостанай облысында медициналық жабдықтарды сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалау органы мәліметі бойынша, медициналық ұйымдардың сұранысқа ие емес жабдықты асыра бағамен алғаны белгілі болды. Зиянның жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асты.
"Осы фактілер бойынша Қостанай облысының прокуратура органдарында қылмыстық істер тіркелді. Тергеу барысында Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен қазіргі орынбасары, аудандық аурухананың бас дәрігері және жабдық жеткізуші ұсталды", – деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасы 23 желтоқсанда.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында ауылдағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге бөлінген қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу жүріп жатқаны белгілі болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript