Президент Астананың Индустриалдық паркінде кәсіпорындар қызметімен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 12:32 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына винилді гипсокартон панелін шығаратын "Гипсовинил", өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді.

Сонымен қатар көрмеде "Астана электротехника зауыты", "Арыстан" Астана құбыр зауыты, құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі туралы ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы туралы баяндама жасалды.

Аталған алаңда жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын және 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Оған сәйкес "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылатын болады.

Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 миллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады, бұл арқылы 22 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: