ТЖМ тікұшағы кішкентай нәрестені орталық ауруханаға шұғыл жеткізді

Тікұшақ, ТЖМ, нәресте, Ұлытау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 20:50 Сурет: ҚР ТЖМ
Бүгін, 2026 жылы 5 қаңтарда санитарлық авиация желісі бойынша "Жезқазған – Қаражал – Жезқазған" бағыты бойынша Ми-8 АМТ тікұшағымен (МИ-882 борты) санитарлық әуе рейсі орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу бір жасар сәбиді шұғыл тасымалдау мақсатында жүзеге асырылды.


"Науқастың жағдайы жедел арнайы медициналық көмекті қажет етті, сондықтан санитарлық авиацияны қолдану туралы шешім қабылданды. Экипаж бен санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті. Науқас дәрігерлерге тапсырылып, мамандардың бақылауына алынды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Астанада көлігі қалың көше қилысында жүк көлігі отқа оранғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: