Қарағандыда 12-қабатты тұрғын үйде өрт болып, ер адам көз жұмды

Өрт, Қарағанды, 12-қабатты тұрғын үй, пәтер, ер адам, көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2026 12:15 Сурет: pixabay
6 қаңтарға қараған түні Қарағандыда өртенген заттардан шыққан улы иістен 28 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Әбдіров даңғылында болған, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД.

12 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірі өртеніп, жиһаз бен үй заттары отқа оранған.

"Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, сегіз адамды, оның ішінде бес баланы құтқарды, баспалдақ маршымен 15 адам эвакуацияланды", делінген хабарламада.

Салдарынан өртенген заттардан шыққан улы иістен 1997 жылғы ер адам қаза тапты. Адамдарды жылыту үшін көшеде арнайы "Вахтовка" машинасы қойылды. Өрттің көзі 5 шаршы метр аумақта жойылды.

Бұған дейін Астанада көлігі қалың көше қилысында жүк көлігі отқа оранғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: