ҰҚК Қазақстан бойынша 20 қылмыстық топтың жолын кесті: ондаған адам ұсталды, қару-жарақ тәркіленді

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы 9 қаңтарда 2025 жылы ұйымдасқан қылмысқа қарсы атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде маңызды мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 10:15 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы 9 қаңтарда 2025 жылы ұйымдасқан қылмысқа қарсы атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде маңызды мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетіне тосқауыл қойылған.

Сондай-ақ адам өлтіру, бопсалау, есірткі заттары мен қаруды заңсыз сақтау деректері бойынша 70-тен астам адам ұсталды. Олардың қатарында Қазақстанның және шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдары іздестіруде жүрген тұлғалар да бар.

Жүргізілген тергеп-тексеру барысында 30 дана атыс қаруы, 11 дана жарақат салуға арналған қару, сондай-ақ қомақты қаржы қаражаты тәркіленді.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін, 8 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: