Жетісу облысында көлігі бұзылып, орта жолда қалып кеткен екі адам құтқарылды

Тас жол, Жетісу облысы, жеңіл көлік, бұзылу, екі адам, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2026 12:23 Сурет: freepik
ТЖМ қызметкерлері Жетісу облысында жолда қалып кеткен екі адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алакөл ауданында, "Достық–Үшарал" тас жолының 15-шақырымында құтқарушылар жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті. Жеңіл автокөлік жолда бұзылып, екі адам жол бойында қалып кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен Жетісу облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен екі адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тас жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. 

Бұған дейін Алматыда өртенген пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен 95 жастағы кейуана құтқарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: