Қазақстан әуе кеңістігінде қауіпті авиациялық оқиға тіркелді

2026 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан әуе кеңістігінде екі жолаушы ұшағының қатысуымен қауіпті авиациялық оқиға орын алды. Uzbekistan Airways компаниясының Airbus A320 ұшағы мен "Победа" әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы бір-біріне қауіп төндіретін жақын қашықтыққа келді., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 16:46 Сурет: unsplash
2026 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан әуе кеңістігінде екі жолаушы ұшағының қатысуымен қауіпті авиациялық оқиға орын алды. Uzbekistan Airways компаниясының Airbus A320 ұшағы мен "Победа" әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы бір-біріне қауіп төндіретін жақын қашықтыққа келді.

Қазақстан Көлік министрлігінің Көлік оқиғалары мен апаттарын зерттеу департаментінің мәліметінше, оқиға Астана уақытымен шамамен 05:42-де Шымкент аймақтық диспетчерлік орталығының қызмет көрсету аумағында тіркелген.

Сол сәтте диспетчерлер Внуково – Самарқанд бағыты бойынша ұшып келе жатқан "Победа" компаниясының PBD997 рейсін және Термезден Мәскеуге бағыт алған Uzbekistan Airways компаниясының UZB9609 рейсін бақылап тұрған.

Қолданыстағы авиациялық апаттарды тергеу ережелеріне сәйкес, бұл оқиға "қауіпті авиациялық инцидент" ретінде тіркеліп, міндетті түрде мемлекеттік орган тарапынан тергелуі қажет.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құруда. Әдетте, тергеу комиссия құрылған күннен бастап үш айға дейін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қосымша сараптамалар мен зерттеулер үшін мерзім ұзартылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 2026 жылғы 8 қаңтарда Air Astana ұшағы Пекинде барлық дәретханалары істен шыққандықтан төтенше қонған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: