БҚО-да ТЖД қызметкерлері зейнеткерлердің үйлерін аралап, аулаларды қардан тазалады
Сурет: ҚР ТЖМ
Батыс Қазақстан облысында ТЖД қызметкерлері зейнеткерлерге көмектесті. Қыс басталғалы қар қалың жауып, тұрғындарға қолайсыздық тудырғаны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл – тек көмек қана емес, аға буынға деген құрметтің жарқын көрінісі.
"Осындай сәтте құтқарушылар зейнеткерлердің үйіне арнайы барып, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тұрғын үйлердің аулаларындағы қарды тазалап, үй иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, улы газ датчиктерін орнатты", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыдан Қызылордаға ұшып шыққан Air Astana ұшағында техникалық ақау индикаторы іске қосылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript