Қазақстандық тұрғын әкімдікке қарсы сотты жеңіп, 100 млн теңгеден астам өтемақы алады

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 11:11 Фото: pexels
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Тараздағы парк салу үшін алынған жер учаскесінің өтемақысын екі есе арттырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қаңтар 2026 жылғы сот хабарламасында:

"2010 жылы Үкімет Тараз қаласының Бас жоспарын бекіткен. Осы жоспар аясында және қаланың орталық бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес Тараз әкімдігі шаруа қожалығының 0,0862 гектар жер учаскесін парк салу мақсатында мемлекет меншігіне алу туралы қаулы шығарды. Сол уақытта шаруа қожалығы коммерциялық қызметпен айналысып, дау тудырған жер учаскесінде орналасқан бутикті жалға беріп отырған. Тәуелсіз бағалаушы жер учаскесінің нарықтық құнын 46 млн теңгеден астам деп бағалаған", – делінген.

Алайда шаруа қожалығы ұсынылған өтемақыға келіспеген.

"Сондықтан әкімдік сотқа арыз түсіріп, жер учаскесін мемлекет меншігіне алу және 46 млн теңгеден астам өтемақы төлеу туралы талап қойған", – деп хабарлады Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысында шаруа қожалығы өкілі парк салуға жер беруге қарсы еместігін, бірақ әділ өтемақы төленсе ғана келісетінін мәлімдеді.

Сот тағайындаған сараптама бойынша дауласқан жер учаскесінің нарықтық құны қайта есептеліп, 100,6 млн теңге деп анықталды.

"Осыны ескере отырып, сот әкімдіктің талабын қанағаттандырып, өтемақы сомасын бастапқыдан екі есе артық, яғни 100,6 млн теңге төлеуге міндеттеді", – деді Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, 13 қаңтар 2026 жылы Шымкент қаласының әкімдігі сауда орталығы салуға арналған жерді заңсыз жеке тұлғаға бергені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: