Шерзаттың ісі: сотта дүкен алдындағы бейнебақылау камерасынан алынған таспа көрсетілді

Бұл видео таспа заттай дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске тіркелген. Кадрларда 2024 жылғы 3-4 қазандағы оқиға сипатталады. Сонымен, хронология бойынша:
00: 00-де Дархан Әскентай дүкенге кіреді.
Сағат 00:11-де оқиға орнына Шерзат Полат келеді.
Сағат 00: 12-де Полат Әскентайдың бетінен ұрып жібереді. Нұрымов сыртқа су алып шығып, оның бетін жууына көмектеседі. Содан соң оқиға орнынан Дархан Әскентай кетеді.
Сағат 00:19-да Әскентай дүкенге қайта оралады.
Сағат 00: 26-да Volkswagen көлігімен дүкенге Нұрбол Тоқтаубаев пен Думан Ермак келеді. Нұрымовтың айтуынша, Нұрбол, Думан және Әскентай барлығы жәбірленушілермен өзара ымыраға келіп, қол алысып кете барады.
Сағат 00:30-да топ адам қайта оқиға орнына оралады. Нұрбол Тоқтаубаев дүкенге кіреді. Сөйтіп ол Нұрымовпен қайта сыртқа шығады. Осы кезде Думан көліктен шығып, оларға қарай жүреді. Ғиепбаев келеді. Нұрбол мен Қаржаубай сыртқа қайта шығады.
Сағат 00:44-те Қаржаубай Нұрымов сыртқа пышақпен шығады. Оған Шерзат басу айтады. Қаржаубай пышақты тастап, қайтадан сыртқа шығады. Ер адамдар өзара дауласады.
Сағат 00:46-да Қаржаубай Нұрымов дүкенге кіреді, оның соңынан Әскентай ілесе кетеді.
Сағат 00:47-де Дархан Әскентай дүкеннен қайта шығады.
Сағат 00:49-да Қаржаубай да дүкеннен шықты.
00:50-де ол Ермак Нұрымовқа жақындап, екеуі жайбарақат сөйлеседі.
00:54 Шерзат Полаттың достары келеді.
00: 55 Әскентай көлікке отырды. Топ адам сөйлесуді жалғастыруда.
00:56 Hyundai Elantraмен Қалиахмет, Мұрат және Әбдіқадыр келеді. Олар дүкенге кіреді.
00:58-де Mercedes-пен Азамат Тоқтаубаев, Равиль Сакиев, Шыңғыс Белғожаев келеді. Сондай-ақ, олардың жанында екі қыз да бар: Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелді.
00:58-де төбелес басталады.
Сағат 00: 59-да қыздар дүкенге қайта кіріп-шығады. Қалиахметтің көлігі кетіп қалады. Ермак көлікке мініп, ары таман барып тұрады.
01: 00-де Қаржаубай телефонмен сөйлеседі.
01:01-де атыс болып жатыр. Нұрбекова Сакиевті алып кетуге тырысады. Алайда Сакиев жерден бөтелке алып, төбелескендерге қарай бет алады.
01: 02-де Hyundai Elantra-дан Қалиахмет шығып, жігіттерге қарай жүреді.
01:04-де Қалиахмет көлігіне оралып, Әбдіқадырмен бірге оқиға орнынан кетеді.
01:07-де төбелес аяқталды. Нұрымов дүкен жанындағы көлігіне отырады.
01: 08 дүкенге Шерзаттың әжесі Әбдіқадырова кіреді. Осы арада жазба үзіледі.
Келесі сот отырыстары 15 мамырда сағат 10:00-де, сондай-ақ 16 мамырда сағат 10:00-ге тағайындалды. Дархан Әскентайдың досы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынады.
2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жасар Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тапты.
Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімнің өлімін тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша жүргізілуде, 11 күдікті қамауға алынды.
2025 жылдың 10 сәуірінде Шерзат Полаттыі өліміне байланысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы басталды.
2025 жылдың 17 сәуірінде негізгі сот ісі басталды.