Алматыда тұрғын үйге жапсарлас салынған заңсыз қосалқы нысан сүрілді
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынған заңсыз нысан бұзылды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 2026 жылғы 19 қаңтарда Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Бұл арада Ақан Сері көшесі, 18 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас заңсыз салынған қосалқы нысан туралы сөз болып отыр.
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның рұқсатсыз салынғаны анықталды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
"2025 жылы 9 қазанда Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот нысан иесін кінәлі деп танып, қосалқы нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы шешім қабылдады", делінген ведомство хабарламасында.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Сот шешімін орындау аясында бірер күн бұрын қосалқы нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Бұған дейін Алматыда заңсыз салынған базар сүрілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript